+7 (72752) 2 02 95 +7 (727) 389 56 46
IMG_20180111_103719

Панорамалық сабақтар. 2018 жылда педагогтарды аттестациялау

Қайырлы күн!

11 қаңтарда Біздің мектепте Іле ауданының мектептері арасынан аттестация өтетін педагогтар үшін панорамалық сабақтар өтті.

Біздің мектептің 2 педагогын қоса алғанда (( Алдибаева Шолпанай Тауыпалдиевна (домбыра сыныбы бойынша) жоғары санатқа және Бережная Ирина Трофимовна (эстрадалық вокал сыныбы бойынша) 2-ші санатқа)) барлығы 9 педагог қатысты.

Әр сабақ қызықты және танымды өтті; біз жалпы білім беру мектептерінен келген әріптестермен (музыка сыныбының мұғалімдері) тәжірибе алмастық.

Соңына қарай жанданған пікірталас – талқылау өтті.

Барлық педагогтарға аттестация өтуде сәттілік тілейміз!

25299137_1556729541074993_7764037481008300374_n

«Дана» ЖОМ – де өткен балалар шығармашылығының II – ші аудандық Фестиваль- байқауы

09 желтоқсанда Алматы облысы Талғар ауданындағы «Дана» жеке оқу мектебінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған балалар шығармашылығының II – ші аудандық фестиваль- байқауы өтті.

Байқауды Мектепке дейінгі ұйымдардың қазақстандық қауымдастығы (МДҰҚҚ) және Алматы облысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

Біздің изо – студия суретшілері де байқауға қатысты!

Біздің жетістіктер:

Үлкен жас санаты бойынша (11-13 жас аралығы) Чернов Владислав 1-ші орынды, Рабат Ақмарал – 3 –ші орынды иеленді. Орта жас санаты бойынша

( 8-10 жас аралығы) Амантай Айдана 2-ші орынды иеленді, Байтурган Зарина мақтау кағазымен марапатталды, кіші жас санаты бойынша (5-7 жас аралығы) қатысқаны үшін Уляшев Илья 2-ші орынды иеленді, ал ең жас қатысушы Серикова Ханшайым ГРАН – ПРИ жүлдесін алды!!

Жетекші Ли Дарья Михайловна.

Аталған байқауға көп балалардың қатысуы бірінші рет екендігін атап айтқымыз келеді. Құттықтаймыз!

photo_173478

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Бұл мереке күні Сізге тілейтініміз зор-денсаулық, мақсат-жолдарынызда сәттілік, туған-жақындарыныздың жылу сезімі әрқашан Сізге қуаныштар сыйлай берсін!

Поздравляем всех с Днем Независимости! Желаем Вам здоровья, удачи, поддержки Ваших родных и близких! С праздником!

2017 Жаңа жылдық есеп беру концерті

Құрметті достар!

19 желтоқсан сағат 17:00 – де жаңажылдық есеп беру концерті өтеді!

Барлығыңызды шақырамыз! Кіру тегін

 

открытки-ко-дню-первого-президента-республики-казахстан-первый-президент-1805

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – шын мәнінде ұлттық дәрежедегі мемлекеттік мейрам.

Ұлт Көшбасшысының стратегиялық дарыны, даналығы мен көріпкелдік қасиетінің, койылған мақсаттарға жетудегі төзімділігі арқасында мемлекетіміздің тәуелсіздігінің тарихы басталғанын біз шын мақтанышпен сезінеміз. Мемлекет басшысы жас мемлекет болашағы үшін тарихи жауапкершілікті өз мойнына алды. Бүгінде біз Президент атымен ел тұрақтылығы мен экономикалық жаңғыртуларды, экономикалық серпіліс стратегияларын байланыстырамыз, және де бейбітшілік пен келісім саясатын толығымен қолдаймыз.

Тұңғыш Президент басшылығымен Қазақстан бәсекеге қабілетті адами капиталы бар, интеллектуалды ұлты бар елге айналды.

Мейрам құтты болсын, Қазақстан! Мейрам құтты болсын Нұрсұлтан Әбішұлы!

«Нұрлы жастар — Болашаққа жол бастар» атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының байқауы

Біздің балалар байқауларда жеңістерге жетуді жалғастыруда!

Бұл жолы мектеп оқушылары «Нұрлы жастар —Болашаққа жол бастар» атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы байқауында «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша жүлделі орындарға ие болды. Жетістіктер: 1. Канар Амина — 2 – ші орын 2. Амантай Анель — 2 –ші орын 3. Алшын Адия — 1 –ші дәрежелі дипломаты

Педагог: Бережная Ирина Трофимовна

Құттықтаймыз!

24312605_1549832948431319_8440698542954222627_n-245x300

«Іле таңы» №1 БММ -де өткен П.Чайковский атындағы АМК концерті туралы

БАҚ біз туралы:

«Іле таңы» аудандық қоғамдық – саяси апталық № 1 БММ –де өткен П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің концерті туралы. Бірге оқиық!

DSC_0477-1800x1200

П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің 85 -жылдық мерейтойына арналған концерт

Қайырлы күн! 21 қарашада Байсерке ауылындағы № 12 орта мектептің акт залында П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің 85- жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерт өтті.

П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің халық аспаптар бөлімшесі жеке орындаушылар, гитарашылар, баяншылар мен домбырашылар ансамблі, және де орыс халық аспаптар оркестрі өнер көрсеткен қызықты бағдарлама дайындаған!

Халық аспаптар бөлімшесінің оқытушыларына, дирижерге, халық аспаптар бөлімшесінің меңгерушісі Н.С. Бекмолдиновқа және де әрине дарынды музыканттарға бізге сыйлаған керемет концерті мен үлкен эстетикалық сүйсініс үшін алғыс білдіреміз!

Және де балаларды тасымалдаудағы көмегі үшін Энергетический ауылдық округының әкімі С.Т. Закиржановқа, Іле аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Ж. Каткееваға, концертті ұйымдастырудағы көмегі үшін (акт залын ұсынғаны үшін) Байсерке ауылы № 12 орта мектебінің директорына алғысымызды білдіреміз.

23376558_1525933960821218_1051903674112886501_n

Есту қабілеті шектеулі балаларға арналған «Волшебная симфония» атты музыка фестивалі

Біздің мектептің 1– ші сынып оқушысы Вова Дупиков есту қабілеті шектеулі балаларға арналған «Волшебная сомфония» атты Екінші халықаралық музыкалық фестивалінің 1 – ші кезеңінен өтті. Құттықтаймыз!

Педагог Фурсанова Елена Николаевна

23319084_1525057417575539_2731124842381032822_n

Менің арманымның мектебі

ИЗО – студияның 1 – ші сынып оқушысы Уляшев Илья «Үздік сурет» атты мектеп байқауына қатысып, өзінің «Менің арманымның мектебі» атты суретімен 1-ші орынды иеленді!

Педагог Ли Дарья Михайловна

Құттықтаймыз!