+7 (72752) 2 02 95 +7 (727) 389 56 46

Қабылдау

Талапкерлерге (құжаттар тізімі)

6 жас аралығында балалар қабылданады .

Қабылдау емтихандары тамыз айында өтеді. Қосымша қабылдау қыркүйек айында.

 Оқыту төмендегі мамандықтарда жүргізіледі.

  • Фортепиано бөлімі
  • Ұлттық аспаптар бөлімі:
  1. гитара, аккордеон
  2. қазақ ұлттық аспаптары (домбыра, жетіген)
  • Вокал бөлімі: эстрадалық вокал, хорда ән айту
  • Скрипка бөлімі

Әрбір бала өз мамандығына қарамастан міндетті түрде төмендегі теориялық пәндерге қатыса алады:

  1. Қазақ музыкалық әдебиеті
  2. Әлемдік музыкалық әдебиеті
  3. Сольфеджио

Қосымша пән таңдауға мүмкіндік қарастырылған.

Емтихан талаптары:

Қабылдау музыкалық қабілетті, есте сақтау, ырғақты сезу, баланың физикалық мүмкіндіктер мен эмоционалды жағдайды байқау негізінде қабылданады.

Білімді тексерудің аралық аттестациясының жиілігі мен тәртібі:

Аралық аттестация, әр тоқсан аяғында қортынды сабақтар мен сынақтар жүзінде жүргізіледі.

Ауысу және қортынды емтихандар мамыр айының аяғында өтеді.