+7 (72752) 2 02 95 +7 (727) 389 56 46

П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің 85 -жылдық мерейтойына арналған концерт

Қайырлы күн! 21 қарашада Байсерке ауылындағы № 12 орта мектептің акт залында П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің 85- жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерт өтті.

П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің халық аспаптар бөлімшесі жеке орындаушылар, гитарашылар, баяншылар мен домбырашылар ансамблі, және де орыс халық аспаптар оркестрі өнер көрсеткен қызықты бағдарлама дайындаған!

Халық аспаптар бөлімшесінің оқытушыларына, дирижерге, халық аспаптар бөлімшесінің меңгерушісі Н.С. Бекмолдиновқа және де әрине дарынды музыканттарға бізге сыйлаған керемет концерті мен үлкен эстетикалық сүйсініс үшін алғыс білдіреміз!

Және де балаларды тасымалдаудағы көмегі үшін Энергетический ауылдық округының әкімі С.Т. Закиржановқа, Іле аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Ж. Каткееваға, концертті ұйымдастырудағы көмегі үшін (акт залын ұсынғаны үшін) Байсерке ауылы № 12 орта мектебінің директорына алғысымызды білдіреміз.