+7 (72752) 2 02 95 +7 (727) 389 56 46

2022-2023 оқу жылы. Аймақтық тәжірибе алмасу семинары

https://www.instagram.com/reel/CpvFRWKJgMi/?igsh=MWxsbHNzMTExY3hjbA==

годовой отчет 2022-2023

годовой отчет (4444)

2021-2022 годовой план

годовой отчет

Құжаттар қабылдау қағидалары

Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020695

1 маусым балаларды қорғау күні.

Без названия (2)

Сендерді 1 маусым «Балаларды қорғау» күнімен құттықтаймыз! Әр уақытта аспандарын ашық, дендері сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектеспіз!

25 мамыр соңғы қоңырау.

Құрметті мектеп бітіруші түлек! Сіз үшін осынау күн айшықты да, айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Өйткені Сіз дәл осынау күні өзіңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, сөйтіп бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп анаңыздан түлеп ұшқалы тұрсыз. Осыдан санаулы ғана жылдар бұрын сіз осы мектептің қастерлі табалдырығын жасқана да жүрексіне аттап, өзіңізге тәлім берер алғашқы ұстазыңызбен жүздесіп, білім нәріне бас қойған едіңіз. Содан бері ағын судай жылжыған жылдар легі сіздің өрісіңізді кеңейтті, бойыңызды қатайтты, топшыңызды бекітті. Сіз үшін осынау қимас ұяңызда жүрген сәтте, алдыңыздан күн сайын жаңалықтар легі ашылды, танымыңыз тереңдей түсті. Сіз мектеп партасында отырып, ұстаз аузынан естілген әр бір білім жаңалығының қабылдаушысы болып қана қойғаныңыз жоқ, сіз осынау сәттерде өзіңіз де мектебімізде өткізілген қаншама игілікті шаралардың белортасында жүрдіңіз, жарқын да мағыналы істердің жанашыр куәгері атандыңыз. Сіздің бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие егуді өзімнің жауапкершілік міндетім деп қана ұғатын барлық ұстаздарыңыз енді Сіздің дәл осындай биіктен көріне білгеніңізге қуанады. Сіз алдағы өміріңізде Абай атамыз айтқандай: «бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық» бола білсеңіз ғана өзіңіздің ұстаздарыңыз төгілген тер өтелді деп біледі. Сіз үшін бүгінгі қағылар соңғы қоңырау үні балдәурен балалығыңыздың артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілгендігіңіздің ескертпесі сияқты. Сізге ендігі сәтте өз өмір айдыныңызды қалап алуға тура келеді. Осынау кезеңдерде өмір кемеңіздің желкенін еш уақытта түсірмеу үшін, сіздің бойыңыздан білім мен білік, батылдық табылатынына сенгіміз келеді. IMG_3074 IMG_3067 IMG_3064 IMG_2982 IMG_2977 IMG_2976 IMG_2972 IMG_2969 IMG_2967IMG_2982 (2) IMG_2978 (1) IMG_2960

Ұрпақтар үндестігі байқауы.

WhatsApp Image 2020-05-14 at 17.28.56 (1) WhatsApp Image 2020-05-14 at 17.28.56 WhatsApp Image 2020-05-14 at 17.28.57 WhatsApp Image 2020-05-14 at 17.32.14

«Ұрпақтар үндестігі» атты қазақ халқының фолклорлық аспаптарынан облыстық қашықтан өткен байқауында II дәрежелі дипломмен Еркінқызы Аяжан,ІІІ дәрежелі дипломмен Қалдыбаев Мансур,ІІІ дәрежелі дипломмен Қайыржан Аяжан марапатталды.Ұстазы Көпжанова Асия.Мектебіміздің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз!!!

Өнерлі өрен онлайн байқауы.

WhatsApp Image 2020-05-20 at 20.11.24 PHOTO-2020-05-28-13-58-15 PHOTO-2020-05-28-13-22-21 PHOTO-2020-05-26-21-53-26 PHOTO-2020-05-20-20-11-24

Өнерлі жастардың қабілетін шыңдау,еліміздің түкпіріндегі таланттарды анықтау ,жұртшылыққа кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған  Өнерлі өрен байқауында аспапта ойнау жанры бойынша мектебіміздің оқушылары  Амангелді Ясмина Бас жүлде,ІІ орын Максимов Кирилл,ІІорын Магай Дэсон,ІІІорын Ораз Әлихан марапатталды.Оқушыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

«Самға»шығармашылық орталығы ұйымдастырған онлайн байқау

PHOTO-2020-05-11-23-31-44 PHOTO-2020-05-11-23-31-43 (1) PHOTO-2020-05-11-23-31-43

«Самға «балалармен жасөспірімдер орталығы ұйымдастырған III  Республикалық «Самға» онлайн өнер байқауында аспапта орындау номинациясында бас жүлде иеленген мектебіміздің оқушысы  Еркінқызы Аяжан марапатталды.Ұстазы Көпжанова Асия.

 

Ұлы жеңіс күнімен!!!

Без названия

Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз!