+7 (72752) 2 02 95 +7 (727) 389 56 46

«Дана» ЖОМ – де өткен балалар шығармашылығының II – ші аудандық Фестиваль- байқауы

09 желтоқсанда Алматы облысы Талғар ауданындағы «Дана» жеке оқу мектебінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған балалар шығармашылығының II – ші аудандық фестиваль- байқауы өтті.

Байқауды Мектепке дейінгі ұйымдардың қазақстандық қауымдастығы (МДҰҚҚ) және Алматы облысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

Біздің изо – студия суретшілері де байқауға қатысты!

Біздің жетістіктер:

Үлкен жас санаты бойынша (11-13 жас аралығы) Чернов Владислав 1-ші орынды, Рабат Ақмарал – 3 –ші орынды иеленді. Орта жас санаты бойынша

( 8-10 жас аралығы) Амантай Айдана 2-ші орынды иеленді, Байтурган Зарина мақтау кағазымен марапатталды, кіші жас санаты бойынша (5-7 жас аралығы) қатысқаны үшін Уляшев Илья 2-ші орынды иеленді, ал ең жас қатысушы Серикова Ханшайым ГРАН – ПРИ жүлдесін алды!!

Жетекші Ли Дарья Михайловна.

Аталған байқауға көп балалардың қатысуы бірінші рет екендігін атап айтқымыз келеді. Құттықтаймыз!