+7 (72752) 2 02 95 +7 (727) 389 56 46

Мектеп жайлы. Тарихы

НЕГІЗГІ АҚПАРАТ

 «№1 Балалар музыкалық мектебі ». Мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорын. Қосымша музыкалық білім беретін балаларға арналған білім беру мекемесі. БММ оқушылары музыкалық аспаптарда ойнаудан, хорда ән айтудан, негізгі музыка-тероиялық пәндерден дәріс алады. Мектеп, музыкалық білім алудың бірінші сатысы, оны бітірген түлек мемлекеттік үлгідегі куәлік алады, ал кәсіби дарынды балалар арнайы орта білім беретн музыалық мекемелерге оқуға түсе алады.

«№1 Балалар музыкалық мектебі» МКҚК Алматы облысы Өтеген батыр ауылында 1965 жылы, қараша айында Алматы облысы Іле ауданы Энергетик ауылы тұрғындарының бастмасымен ашылған. Әр жылдары Алма-аты қаласының Октябрь ауданының «№8 Балалар музыкалық мектебі», «А.В.Затаевич атындағы № 8 БММ», «Алтын Алма» балалар мен жасөспірімдер орталығы Детско-юношеский центр «Алтын Алма» атауларына ие болған.

ЖҰМЫС БАҒЫТЫ

Негізгі жұмыс бағыты – Алғашқы музыкалық білім беру, 5 және 7 жылдық музыкалық білім беру бағдарламасынан тұрады.

Білім беру ҚР білім және ғылым Министрлігі министрінің 29.12.2011 жылғы №543 бұйрығымен бекітілген «Балалар музыкалық мектептеріне, балалар арналған көркем және өнер мектептеріне арналған стандартты оқу жоспарына» сәйкес жүргізіледі.

БММ әкімшілігінің мектепішілік басқару қызметі ҚР «Білім беру туралы» заңына сәйкес нормативті және бағдарламалық-әдістемелік құжаттарға сүйене отырып жұмыс істейді.

Мақсат – Қазақстан Республикасының интеллектуалды әл-ауқатын қалыптастыру, азаматтардың жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту, рухани және азаматтық, полимәдениетті тәрбие беру.

БММ әкімшілігінің жұмысы оқытушылардың жан – жақты ізденіс, жаңа репертуарды, педагогикалық технологияларды енгізу мен оқушылардың жеке қабілеттері, қызығушылықтары мен шығармашылық мүмкіндіктерін ескере отырып, тұлғаны жан – жақты дамыту жүйесін ойлап табуға бағытталған болатын.

БММ міндеттері:

  1. Гуманистік педагогика және балалармен өте мұқият әрі кәсіби жұмыс істеу принциптерін жүзеге асыру.
  2. Оқуға деген талпыныс пен психологиялық – педагогикалық, жағымды орта қалыптастыру.
  3. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін көпсатылы жіктеу идеясын жүзеге асыру.
  4. БММ оқушыларының оқу барысында инновациялық технологияларды қолдану. Оқушылардың дағдыларына мұғалімдердің араласу құзыретін зерттеу.
  5. Түрлі шығармашылық арқылы оқытушылардың құзіреттілігін байқау.
  6. Инновациялық үрдістерді жүйелі түрде бақылау, оқушыларды көпсатылы іріктеу үшін дағдыларын арттыруға бағытталған оқыту технологиясын ұйымдастыру
  7. Мектепте мұғалімдердің шығармашылық жұмысына жақсы жағдай жасалған және жалпы мектеп жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы күнделікті бақылауға алынған.

         Оқушылрдың шығармашылық дарынын көп сатылы жіктеуін жасай отырып, БММ оқытушылары мамандықтар бойынша репертуарларына бағдарламалық шығармаларды қосып қана коймай, оқушылардың музыкалық сабақтарға қызығушылығын арттырып, жан жақты музыкалық дамуына жағдай жасап, балалардың бос уақытын ұйымдастыру және контингент сақтау мақсатында классикалық және танымал эстрадалық музыканың жеңілдетілген уздік үлгілерін қосымша ұсынады.

Әдістемелік жұмыс.

БММдағы әдістемелік жұмыс белсенді формаларды, оқыту құралдарын және әдістерді, жалпыландыру және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді қолданып, оқытушылар мен мектеп басшыларының шеберлігін, теориялық дәрежесін арттыру негізінде оқытушылардың оқыту- тәрбиелік үрдісін ұйымдастыруға комек ретінде бағытталған.

БММ оқытушылары белсенді әдістемелік жұмыстар жүргізеді. Мектепте ашық сабақтар, шеберлік сыныптар, оқыту- педагогикалық репертуарды орындаудың сараптамалары, әдістемелік хабарламалар жүргізіледі.

БММның барлық әдістемелік жұмысы «БММ оқушыларының шығармашылық дарынын көп сатылы жіктеу», олардың музыкалық ынталарын, техникалық мүмкіндіктерін, шығармашылық қабілеттерін арттыру мәселелерін шешуге бағытталған.

Тәрбие жұмысы.

БММдағы тәрбие жұмысы мәдени, азматтық, патриоттық, эстетикалық тәрбиені қамтитын полимәдени тұлғаны тәрбилеуге бағытталған.

Қазақ музыкалық әдебиеті пәнінде оқушылар мәдениет пен дәстүрлер, қазақ халқының ғұрпымен танысды. Мектептерде мемлекеттік және ұлттық мейрамдар, мерейтойлар мен айрықша күндер көрсетілген Қазақстанның ұлттық нышандары бар стендтер қойылған. Ұлттық аспаптар сыныбында домбыра, саз сырнай, қылқобыз және жетіген мамандықтары мемлекеттік тілде жүргізіледі.

2014-2015 оқу жылында БММ қаланың жалпы блім беру мекемелері оқушыларына класс сағаттары, оқыту семинарлары, тақырыптық концерттер, ата-аналарға арналған дәстүрлі концерттер, «бірінші сыныпқа қабылдау», мемлекеттік және ұлттық мейрамдар. ( Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Наурызға сыйлықтар», Қазақстан халықтары бірлігі күніне- салтанатты шеруге қатысу, Жеңіс Күніне – «Татулық үшін рахмет»), олар өз алдына патриотизм мен азаматтық ұстаным, қазақ халқының мәдени құндылықтарын қалыптастырудың айнымас бөлшегі. Жыл бойы жеке орындаушылар, түрлі шығармашылық топтар, мектептік, аудандық, қалалық деңгейде мемлекеттік және ұлттық мейрамдарды атап өтуге арналған көптеген іс-шараларда өнер көрсетті.

Ашылған уақыты: 1965 ж.

Негізін салушы: Іле ауданы әкімдігі, Өкілетті орган: Іле аудандық білім бөлімі ММ

Лицензия № 0142634 АВ сериясы 04.02.2010 жылдан. Қызмет мерзімі шексіз.

Білім беру туралы:

Білім беру ұйымының типі – балаларға қосымша білім беру ұйым

Білім беру ұйымының түрі – балаларға арналған музыкалық мектеп

Білім беру формасы – күндізгі

Білім берудің нормативтік мерзімі – 5, 7 жыл

Оқушылар жасы: 6 жас пен 15 жас аралығы

Білім беру тілі: қазақ, орыс

Мектептің жұмыс істеу кестесі: Дүйсенбі – сенбі, сағат 8-00 ден 18-50 ге дейін, сабақ кестесіне сәйкес.