+7 (72752) 2 02 95 +7 (727) 389 56 46

25 мамыр соңғы қоңырау.

Құрметті мектеп бітіруші түлек! Сіз үшін осынау күн айшықты да, айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Өйткені Сіз дәл осынау күні өзіңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, сөйтіп бойыңызға білікті білім… Читать далее

Ұрпақтар үндестігі байқауы.

«Ұрпақтар үндестігі» атты қазақ халқының фолклорлық аспаптарынан облыстық қашықтан өткен байқауында II дәрежелі дипломмен Еркінқызы Аяжан,ІІІ дәрежелі дипломмен Қалдыбаев Мансур,ІІІ дәрежелі дипломмен Қайыржан Аяжан марапатталды.Ұстазы Көпжанова Асия.Мектебіміздің оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз!!!

Өнерлі өрен онлайн байқауы.

Өнерлі жастардың қабілетін шыңдау,еліміздің түкпіріндегі таланттарды анықтау ,жұртшылыққа кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған  Өнерлі өрен байқауында аспапта ойнау жанры бойынша мектебіміздің оқушылары  Амангелді Ясмина Бас жүлде,ІІ орын Максимов Кирилл,ІІорын Магай Дэсон,ІІІорын Ораз Әлихан марапатталды.Оқушыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

«Самға»шығармашылық орталығы ұйымдастырған онлайн байқау

«Самға «балалармен жасөспірімдер орталығы ұйымдастырған III  Республикалық «Самға» онлайн өнер байқауында аспапта орындау номинациясында бас жүлде иеленген мектебіміздің оқушысы  Еркінқызы Аяжан марапатталды.Ұстазы Көпжанова Асия.  

Ұлы жеңіс күнімен!!!

Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің… Читать далее

Отан қорғау күні құтты болсын!!!

Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып,  зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық тілейміз!

«Ешкімде ұмытылмайды,ештеңеде ұмытылмақ емес» атты үзік бейне ролик байқауы.

1 мамыр-Бірлік күні және 9 мамыр-Жеңіс күні мерекелеріне орай, Ешкімде ұмытылмайды,ештеңеде ұмытылмақ емес» атты байқауда үзік бейне ролик жариялағаны үшін Курцев Александр марапатталды.Жеңісімен құттықтаймыз.Жетекшісі Киселева Татьяна.

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Баршаңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін!Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір» бір шаңырақ астында жиналған… Читать далее