Қымбатты достар!
Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймыз! Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Дорогие друзья!
От всей души поздравляем Вас с Днем Конституции! Провозгласив фундаментальные принципы поступательного развития единого народа Казахстана, Главный Закон нашей страны выдержал испытание временем и доказал свою жизнеспособность. Благодаря этому, Казахстан сегодня занимает достойное место в международном сообществе.Каждый гражданин глубоко осознает значимость Конституции не только для государства и общества, но и лично для себя и своей семьи. Пусть из года в год крепнут наши главные ценности – Независимость, Единство и Стабильность. Здоровья вам и вашим близким, мира и благополучия нашему общему дому!