+7 (72752) 2 02 95 +7 (727) 389 56 46

Облыстық 53-ші жас орындаушылар фестиваль-конкурсы.

89355816_2497202997160159_1577739477223211008_n

Алматы облысы білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, орындаушылық шеберлігін арттыру, музыкалық өнерді насихаттау, музыкалық өнер мен білім берудегі жаңа прогрессивті үрдістермен классикалық дәстүрлердің өзара әрекеттесуін іздеу, балалар музыка мектептері мен өнер мектептерін дамыту мақсатында 2020 жылғы 19 ақпан күні Панфилов ауданында (Кеген, Райымбек, Панфилов аудандары), 24 ақпан Қапшағай қаласында (Қапшағай қаласы, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Талғар, Балқаш, Жамбыл аудандары), 25 ақпан (Талдықорған, Текелі қалалары, Көксу, Ақсу, Қаратал аудандары) балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың 53-ші облыстық (аймақтық) іріктеу фестиваль-байқауы өткізілді. Фестиваль-байқауға хор ұжымдары мен фортепиано бөлімдерінде оқитын пианисттер қатысты. Хор ұжымдары -жоғары сынып, пианисттер келесі жас санаттары бойынша жүргізілді: кіші жастағылар тобы – 7-9 жас; орта жастағылар тобы – 10-12 жас; ересек жастағылар тобы – 13-17 жас.

Мектебімізден  Бармина Светлана Николаевна сыныбынан Байтурганова Сабижан және Фурсанова Елена Николаевна сыныбынан Зұлхарда Аружан қатысып, өте жақсы өнерлерін көрсетіп шықты. Байтурганова Сабижан облыс бойынша ІІ-ші дәрежелі лауреат атанды. Құттықтаймыз!

87459412_2497202817160177_638176898316238848_n 87576552_2497202950493497_2813131719782170624_n